Буш, Клинтон мен Обама  істей алмаған қабырғаны Трамп тұрғызып жатыр

/uploads/thumbnail/20190326134053917_small.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп ақыры айтқанын істете бастады. Ол өзінің сайлауалды кампаниясында АҚШ пен Мексика арасындағы шекараға қабырға тұрғызуға уәде берген. Енді міне Трамптың жобасы іске аса бастаған сыңайлы.

Әрине, АҚШ президентінің жобасы қатты қарсылыққа ұшырағаны белгілі. Өйткені оған орасан зор қаржы керек.  Айта кетер бір жайт, аталған қабырға Билл Клинтонның президенттік басқаруы тұсында тұрғызыла бастаған. Бірақ жоба аяқталмай қалған. Барак Обама да бұл жорбаға соншалықты мән берген жоқ. Алай мұның қаншалықты қажеті бар? Дональд Трамп әкімшілігінің айтуына қарағанда, АҚШ-қа бүкіл есірткі мен заңсыз мигранттар шекара арқылы енуде. Оны тоқтату үшін екі ел арасында шекара тұрғызылуы керек. Тіпті бұл жобаны жүзеге асыруға кіші Джордж Буштың өзі қол қойған. Енді Билл Клинтон мен Барак Обама  жүзеге асыра алмаған қабырғаны  біртіндеп Трамп тұрғызып жатыр. Бірақ ол қатты қарсылыққа тап болды.

Айта кетер бір жайт, осы уақытқа дейін Мексика мен АҚШ шекарасы арасында 1078 шақырымға қабырға тұрғызылды. Енді Трамп тағы 1600 шақырым жерге қабырға тұрғызуды көздеп отыр. Ал оған шаммен 6 миллиард доллардай қаржы керек. Кеше аталған жобаны жүзеге асыруға байланысты Пентагон 1 миллиард доллар қаржы бөлді. Дәл осы «Мексика қабырғасына» байланысты Ақ үй мен Сенат арасында текетірес өршіді. Соның салдарынан бірқатар мемлекеттік мекемелерге қаржы бөлу тоқтатылды, нақты айтқанда шатдаун пайда болды.

Ақпан айының ортасында Дональд Трамп қалыптасқан жағдайға қатысты шекаралық елдімекендерде төтенше жағдай жариялады. Енді түйін аздап шешіле бастағандай.

Ал Пентагон бөлген 1 миллиард доллар әзірге 91 шақырымдық  қабырға тұрғызуға, сонымен, қатар сол маңайдағы елдімекендерге жол салып, көшелерді жарықтандыруға жұмсалатын көрінеді.  

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар